Негізгі / Жаңалықтар / Теміртауда 28 жастағы тұрғын төрт бірдей әйелге АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырған

Теміртауда 28 жастағы тұрғын төрт бірдей әйелге АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырған

Теміртау қаласының 28 жасар тұрғыны төрт бірдей әйелге СПИД инфекциясын қасақана жұқтырған. Жапа шегушілердің бірі 19 жастағы бойжеткен болып шықты. Қаскөй 2011 жылдың қазан айынан бері орталықта тіркеуде тұрған. Тіпті оған басқа адамға вирус жұқтырған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертілген, дейді басшылық. Алайда ер адам интернет арқылы қыз-келіншектермен танысып, олармен қасақана жақындасқан. Бірақ жәбірленген үш әйелдің тек біреуі ғана оның үстінен шағым түсірді. Енді қаскөй төрт жылдан сегіз жылға дейін сотталуы мүмкін.