Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтаулықтар бір айда жаққан қуат көзі үшін 100 мың теңгеден аса ақша қарыз

AstanaTV
10.09.2018ж. 20:00
3227
Ақтаулықтар бір айда жаққан қуат көзі үшін 100 мың теңгеден аса ақша қарыз

Ал Ақтауда жарыққа қатысты жанжал туды. «МАЭК-Казатомпром» компаниясынан тұтынылмаған энергия үшін түбіртек алған тұрғындар шу шығарды. Айтуларынша,  ай сайынғы төлем қағазында халықтың қалтасы мүлдем көтермейтін қарыз бары көрсетілген. Тіпті кейбіреуінің үйіне келген түбіртекте  100 мың теңгегеден аса берешегі бары жазылған. Дауға қатысты Данияр Әлімқұлдың бейнематреиалы.

Дауға, шілдеде тұтынылған тоқ көзінің түбіртегі себеп. Ал, тамыз айындағы төлем қағазындағы қарыз тіпті тұрғындардың төбе шашын тік тұрғызды. Берешек сомма 20 мыңнан 103 мыңға бірақ жеткен. Ал түбіртек иелерінің басым бөлігі - бар-жоғы бір бөлмелі пәтерде тұратын жалғызбасты зейнеткерлер.

Тілектес Нұрдаулетов, Ақтау қаласының тұрғыны:

Мен бар болғаны бір бөлмелі пәтерде тұрамын. Ал бірақ қарызың 10 мың теңге дейді, өткен айда да осы сомманы қарыз қылды. Бұл қалай болғаны сонда? Мен деген телефонмен ойын ойнап отырғам жоқ, компьютер қоспаймын. Қалайша маған мұндай ақшаны қарыз қылып жазады?

Зүлфия Шмидт, Ақтау қаласының тұрғыны:

Біз екі адам тұрамыз. Бірақ бір айға 103 мың теңге берешексің дегенді қалай  түсінеміз? Олар осы сандарды түбіртекке түк ойланбастан түсіре салды, оңай  төлете саламыз деп ойлап отырған болар? 

«МАЭК-Казатомпром» серіктестігінің  басшылығы контроллердің қателігін жоққа шығармайды. Олар бұл жағдайды шешу үшін пәтерлерге шығып, электр есептеуіш құралдарының жаңа есептеу жүйесін алып тастауға арыз жазуға кеңес беріп отыр. Бірақ  кінә тұрғындардың  өздерінен де болуы мүмкін екенін айтады. 

Қыдырбай Қасымбеков, «МАЭК-Казатомпром» ЖШС бас директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары:

Өздерінің көрсетіп жатқан приборы бойынша ақша есептелген. Артық ақша ешқнайда жоқ.Аартық ақша есептелмеген, оған біз сенімдіміз.

Бұған дейін де тұрғындар түбіртекте жаңадан графиктің пайда болуыны қатысты есеп айырысу орталықтарына барып шу шығарған. Алайда, мәселе ақпарат құралдарына шыққан күннің ертесіне жарық беруші тарап жаңа графикпен есептелген қарызды тұрғындарға төлетпейтін болып шешім қабылдаған. Компания басшылығы контроллерлар жұмысы  жіті тексерілетінін айтты.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ