Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Түркістан облысында үш шенеунік пара беру кезінде ұсталды

AstanaTV
11.09.2018ж. 20:00
3384
Түркістан облысында үш шенеунік пара беру кезінде ұсталды

Ал Түркістан облысында білім басқармасы қызметкерлері 6 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсаталды. Сұғанақ педагогтар "Әдістемелік орталықта" жұмыс істеген.

Жұпар Мамытова, Шымкент қаласы бойынша МКД экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісі: 

Азаматша Себепова, Тұтқышбаев және Кущенко экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне 6 млн теңгені пара ретінде, бұдан алдын мемлекеттен бөлінген ақшаны ысырап еткендері үшін қозғалған қылмыстық іс бойынша оңды шешім қабылдау үшін, пара ретінде берген болатын.

Экономикалық тергеу қызметінің дерегінше, қамалғандардың бірі - орталықтың басшысы. Тағы бірі бөлімді басқарса, үшіншісі - бас есепші. Тергеушінің айтуынша, сыбайластар білім беру саласындағы мәдени-көпшілік іс-шараларға бөлінген қаражатты ысырап еткен. Мемлекет қаржысын талан-тараж қылған қос басшыға «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.