Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Оралда қайын атасы мен енесін атып өлтірген оралдық 19 жылға сотталды

AstanaTV
12.09.2018ж. 20:00
2442
Оралда қайын атасы мен енесін атып өлтірген оралдық 19 жылға сотталды

Оралда қайын атасы мен енесін атып өлтірді деп айыпталған Рустам Давлетшин 19 жылға сотталды. Оған қоса моральдық шығынның өтемі ретінде 5 миллион теңгені төлеуі тиіс. Оның баспанасына арест қойылған. Соттың төрелігінен бас тартқан айыпталушыға бүгін алқа билері осындай үкім кесті. Қазылар сотталушының І топ мүгедегі екендігін және кәмелетке толмаған ұлы барын ескеріпті. Дегенмен ол Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" және "Қаруды заңсыз сақтағаны үшін" айыпталды. Қанды оқиға биыл мамыр айында болған еді. Енесі оқиға орнында көз жұмса, ал қайын атасы алған жарақатынан бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмған болатын.

Бақыт Ермаханов, БҚО мамандандырылған қылмыстық сот судьясы:

Оған түпкілікті 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің барынша қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтейтін болады. 300 миллион моральдық шығынды өндіруді сұраған. Дегенмен сот әділдікпен сотталушының материалдық жағдайы, денсаулық жағдайына байланысты 5 миллион теңге өндіруге үкім шығарды.