Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қарағандыдағы мектептің шатыры өртеніп, балалар басқа мектепке ауысты

AstanaTV
13.09.2018ж. 20:00
3461
Қарағандыдағы мектептің шатыры өртеніп, балалар басқа мектепке ауысты

Қарағандыда мектеп отқа оранды. Төтенше оқиға сабақтан тыс уақытта болған. Дегенмен мектеп ғимараты оқуға жарамсыз. Ал 7 жүзге жуық оқушыны орналастыру үшін, ұстаздар түнімен басқа мектепке көшіп үлгерді. Толығырақ тілшіміз Айжан Қуаш жалғастырады.

Вот, девочки, пламя перекинулось на меньший блок. Вся крыша горит. Это, конечно, ужасно.

36-шы мектептің шатыры кеше кешкісін кенеттен отқа оранды. Абырой болғанда, ғимараттағы дабыл қаққыш дер кезінде іске қосылыпты. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен 2 сағат бойы алысқан.

Айжан Қуаш, тілші:

Қазіргі таңда мектепте тазалық жұмыстары жүріп жатыр. Өртті сөндіруге бүркілген су төбеден сыныптардың ішіне қарай ағып жатыр. сондықтан мұндағы құрал-жабдықтар мен кітаптардың барлығы құрғақ жерге көшірілген.

Дегенмен оқыс оқиға оқушылар мен ұстаздарды біраз әуреге салды. Педагогтар түн ішінде оқу кестесін өзгертіп, балаларды көрші 17-інші мектепке көшіруге мәжбүр болды. Соның арқасында сабақ  үзілмей, жалғасты.

Думан Жәркеева, Қарағанды қаласының №36 ЖББМ мұғалімі:

Қорқыныш, үрей болғанымен балаларға түсіністікпен айттық. Ол осы жағдайда өздерінің білім ордасына, әрине, оқыған жеріне үйренген балалар көршілес мектепке келуге қорқыныш болғанымен, енді әрі қарай білім жалғасатын болғандықтан, бүгінгі сабаққа жақсы қатысып отыр.

Ал төтенше жағдай қызметкерлері өрттің себебін анықтау үстінде. Әзірге 300 шаршы метр шатырдың жанып кеткені белгілі. Мекеме директорының мәліметінше, мектеп осыдан 36 жыл бұрын салынған. Шатырына 4 жыл бұрын күрделі жөндеу жасалыпты. Яғни бір де бір кінәрат жоқ, - дейді.

Сәуле Ізтілеуова, Қарағанды қаласының №36 орта мектеп директоры:

2014 жылы жалпы мектептің шатыры толығымен жөндеу жұмысынан өткен. 2014 жылы. Сондықтан шатырдың жөндеу жұмысынан ешқандай ақша сұрап, ондай болған жоқ.

Мектеп талапқа сай тексерістен өтіп, білім беруге рұқсат алған.

Нұртілеу Иманғалиев, Қарағанды облыстық білім басқармасының жетекшісі:

1 қыркүйекке байланысты барлық мектептер 100 пайыздық акт алады іске қосуға. Ол жерде де төтенше жағдай болсын, басқа жауапкершілік бөлімдерінің бәрінің қолдары бар.

Мамандар өрттің себебімен бірге мектепке келген шығын көлемін де есептейді. Ал мұғалімдер: "Ғимаратты бір аптада кептіріп, оқушыларды жақын арада қайта әкелеміз", - деп отыр.

Айжан Қуаш