$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда спортпен шұғылданатындар қатары 30 пайызға жетті

AstanaTV
13.09.2018ж. 20:00
2309
Алматыда спортпен шұғылданатындар қатары 30 пайызға жетті

Алматыда спортпен шұғылданатындар қатары 30 пайызға жеткен. Яғни 500 мыңнан астам тұрғын тұрақты түрде дене шынықтырады. Шаһарда бұқаралық спортты дамыту аясында биыл екі мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылған. Оған 140 мыңнан аса жас тартылды. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен "Нұр Отан" партиясы өкілдері айтты. Қазір баласын спортқа баулитын ата-аналар кебейген. Осы орайда қала билігі 4 жобаны қолға алыпты.

Рүстем Байсейітов, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Мегаполис тұрғындарын, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу үшін бүгінде «Спорттық Алматы», «Спорт менің ауламда», «Батыл бол» және «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобалары жүйелі жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде халықты барынша спортпен шұғылдануға шақырып отырмыз. 

Тұрғындар үшін қазір мегаполисте 1839 спорттық нысан мен 600-ден аса спорттық аула қызмет етеді. Нысандармен өзара келісім аясында биыл 2 мыңнан аса бала жүзуді тегін үйренген. Жалпы қалада 18 мың баланы спортқа тарту көзделеді.