$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Алматыда екі адамды қағып өлтірген жүргізушіге қатысты үкім шықты

AstanaTV
30.05.2016ж. 20:00
1584
Алматыда екі адамды қағып өлтірген жүргізушіге қатысты үкім шықты

Алматыда екі адамның өліміне себепкер болған ішкі істер органының бұрынғы қызметкері Санат Жанатбеков 5 жылға сотталды. Ол өз жазасын қоныс колониясында өтейтін болады. Сондай-ақ, экс-полицей Жетісу аудандық сотымен 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан да айырылды. Жәбірленушілер күдіктіге кешірім берген. Алайда судья Елмахан Ділдабаев, қоғамдағы жол-көлік апаттарының жаппай әлеуметтік сипат алуына байланысты, осындай үкім шығаруға мәжбүр болғанын айтты.


Елмахан Ділдабаев, Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық сотының төрағасы:

Сот үкім етті: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4 бөлігі бойынша Санат Жанатбеков кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 7 жыл жүргізу құқығынан, 5 жыл бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қоныс түрмесінде өтесін.

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы биыл 14 сәуірде Алматыдағы Жангелдин көшесінің бойында болған еді. BMW көлігін басқарған ішкі істер органының қызметкері тек қоғамдық көліктерге арналған жолақпен жүріп, жылдамдықты шамадан тыс асырып, жол жиегіндегі 3 адамды қағып кеткен еді. Оқиға орнында екі адам қайтыс болып, үшіншісі ауруханада ұзақ уақыт емделіп шықты. Жүргізуші кінәсін бірден мойындап, алғашқы сот процесінде марқұмдардың туыстарынан кешірім сұраған. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ