Бүгін
ғаламторда Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданына қарысты Троицк
ауылының тұрғыны қызыл судан көз ашпай отырғанын айтып, видео жария еткен. Елді
мекен маңайында орналасқан көл сәуір айында тасып, ауыл шетіндегі тұрғын
үйлердің аулаларына кірген. Бір отбасының шағын шаруашылығын түгел су басқан.
Жергілікті биліктен қайыр болмағанын айтқан отағасы өзінің жанайқайын ғаламтор
арқылы жеткізуді жөн санаған.
Анатолий
Бель, Троицк ауылының тұрғыны:
Жергілікті
шенеуніктерге жолыққан едім. Суды сору қолымыздан келмейді, деді. Тірлік қылмай
жатқандарына 1,5 ай болды. Біз тек қайықпен қана жүзіп жүреміз. Мал жайылымға
шығу үшін алдымен сумен өтеді. Не істерімді білмей отырмын.
Төтенше
жағдай мамандарының айтуынша, аталған көлдің айналасында су арналары жоқ.
Сондықтан ауыл тұрғындары судың жерге сіңуін немесе кебуін күтуге мәжбүр,
дейді. Ал атқамінерлер болса, Бель жанұясына тығырықтан шығар жолды
ұсынғандарын айтады.
Абзал ҚҰРМАНКИН