Ирак
мұнай экспортын тәулігіне 5 миллион баррельге дейін ұлғайтпақ. Бұл туралы
Рейтерс агенттігі хабарлады. Бұған дейінгі жоспар тәулігіне 3,47 миллион баррель
болатын. Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирактың SOMO мұнай
компаниясы маусым айында тәулігіне 5 миллион баррель көлемінде қара алтын қорын
сақтап, жөнелтпек. Тапсырыс берушілер арасында қытайлық PetroChina, итальяндық
Eni, сондай-ақ ресейлік Лукойл бар.
Мұны сарапшылар жақсылыққа балап отырған
жоқ. Бұл қара алтын нарығын баяулатады деген пікірде. Енді ОПЕК-тің мұнай
көлемін "ұстап тұру" бойынша келісімі мүлде іске аспай қалады деген
болжам бар. Ал ОПЕК-тің келесі жиыны маусымның 2-сіне жоспарланған.
Айта
кетейік, ұйымға мүше елдер ішінде Ирак мұнай өндірісі бойынша 2-ші орында.
Бұған дейін Ирактың мұнай экспортын арттыру жоспары барын Сауд Арабиясы,
Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт пен Иран да мәлімдеген еді.