$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Германияның оңтүстігі су астында қалды

AstanaTV
30.05.2016ж. 20:00
1635
Германияның оңтүстігі су астында қалды

Германияның оңтүстігін су басты. Рейтерстің хабарлауынша, толассыз жауынның салдарынан болған тасқында үш адам қаза тапқан. Швебиш-Гмюнд қаласында ер адамды судан алып шықпақшы болған құтқарушының өзі бірге суға кетті.

Ал Вайсбах коммунасында бір адам жер асты көлік тұрағынан шыға алмай ажал құшты. Лай аралас су жолындағы көліктерді аударып, талдарды тамырымен жұлып жатыр. Апаттан ең ауыр зардап шеккен Браунсбах коммунасындағы үйлер қирау алдында тұр. Оның тұрғындары шұғыл түрде көшіріліп жатыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ