Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

БАҚ-ты қаралау, халықтың жауы деп айтудың өзі қауіпті - Джефф Безос

AstanaTV
17.09.2018ж. 20:00
2265
БАҚ-ты қаралау, халықтың жауы деп айтудың өзі қауіпті -  Джефф Безос

Билік басшысының бұқаралық ақпарат құралдарын қаралауының өзі қауіпті. "The Washington Post" баспа үйінің иесі, Amazon.com интернет-компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос осылай деп мәлімдеді. Америкалық миллиардер Дональд Трамптың журналистерді халық жауы дегені демократияның түбіріне балта шабуымен тең дегенді айтты. Ал салықтан жалтарды, АҚШ қызметінің поштасын бұзды деп біраздан бері Amazon-ның әрекетіне ашуланып жүрген Ақ үй басшысы Безостың бұл мәлімдемесіне қатысты әзірге тіл қатқан жоқ. Айта өтейік, Трамп тілшілерге талай рет тиіскен соң америкалық басылымдар да қарап қалмады. Оған жауап ретінде тек тамыз айында еркін баспасөзге шабуыл жасамауды талап еткен 300-ден аса мақала жариялаған. 

Джефф Безос, Amazon.com интернет-компаниясының негізін қалаушы:

Менің ойымша, БАҚ - демократияның ажырамас бөлігі. Сондықтан ел сайлаған шенеуніктің бұқаралық ақпарат құралдарына және журналистерге шабуыл жасауы - қателік. Бұқаралық ақпарат құралдарын қаралау  өте қауіпті. Оларды сұмпайы, халық жауы деудің өзі қауіпті.