Зейнетақы жинағын бірреттік төлеммен берген тиімді. Сенатор Бірғаным Әйтімова бұрынғы жүйені қайтаруды сұрады. Бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жоғарғы палата алдында есеп берді. Әйтімова тұрғындар тарапынан осы орайда көп хат келетінін айтты. Депутат: "Зейнеткерлер күш-қуаты бар кезде өмір бойы жиған ақшаның қызығын көріп қалу керек", - дейді.
Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Мен түсінемін ақша жоқ шығар. Сосын ай сайын төлейді. Зейнетекерлер өз келешегін ойламайды деу - қателік. Бірден жұмсап тастайды деп жауап беретіндеріңіз түсінікті. Олар кейін емес, қазір қызық көргісі келеді. Шетелге шығып қыдырса, қызығын көрсе. Неге бұрынғыдай істемеске? Бөліп төлеу қалай қабылданып кеткен? Мен өзім ол заңға дауыс бергенім жоқ.
Алайда, бұл мүмкін емес. Бүгінде жалпы зейнатақы төлемінің 12 пайызы өмір бойы жиған ақшаның есебінен төленеді. Жыл өткен сайын ол ұлғая береді. 2040 жылдары елде тек қана жинақтаушы жүйе қалады. Бюджеттен зейнетақы төленбейді. Ал депутат Мұрат Бахтиярұлы қордың пайызы, кәдімгі депозиттен әлдеқайда төмен екенін алға тартты. Алайда қор басшылығы биыл жылдық үстемақы 9,5 пайыз, инфляциядан жоғары деп отыр. Сондай-ақ сенатор Қор қаражатты тиімсіз жұмсайды деп санайды.
Мұрат Бахтиярұлы, ҚР Парламент Сенатының депутаты:
2300-дей
сотрудник бар. Әрқайсысына жылына 17,5 млн теңге кетеді. Сонда осы штатты ұстап
тұруға 2 млрд теңге кетеді, неге сіздерге офис сатып алмасқа? Қызылордада офис
арендасы масқара. Бір жылдың көлемінде сол қаржатқа бір ғимарат сатып алуға
болады ғой.