Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Қаражат тек көзделген мақсатқа бөлінуге тиіс - Н.Назарбаев

Қаражат тек көзделген мақсатқа бөлінуге тиіс - Н.Назарбаев

Қазына қаржысы талан-таражға түспеуі тиіс. Бүгін Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдаған Президент осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев бюджет қаражатын бақылаушы органға ақшаның тиімді игерілуін қадағалаумен бірге, оның ұстағанның қолында кетпеуін тапсырды.  

Наталья  Годунова, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы:

Қазіргі уақытта Есеп комитеті өз жұмысында қаржыға қатысты құқық бұзушылық фактілерін анықтау тәжірибесінен гөрі тиімділікті бағалауға басты мән беріп отыр. Біз қаржылық құқық бұзушылыққа негіз болатын себептерді анықтау ісінде аудит нысандарына қолдау көрсетеміз және тиісті ұсынымдар береміз.

Ғалия ҚЫЛЫШБАЕВА