Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / "Сырбар" басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

"Сырбар" басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

Сыртқы барлау қызметінде ауыс-түйіс. Президент жарлығымен "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжанов президент көмекшісі, Қауіпсіздік қызметінің хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін бұл қызметті жақында Қорғаныс министрі болып сайланған Нұрлан Ермекбаев атқарған болатын.

Ал "Сырбар" сыртқы барлау қызметін бұрынғы орынбасар Исатай Сартаев уақытша басқарады. Президент Жанат Шәймерденовты оның орынбасары етіп тағайындады. Ол басқа жұмысқа ауысқан Күзембек Аденовтің орнын басты. 

Диана Сапарқызы