Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Белгілі жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази 85 жасқа толды

AstanaTV
19.09.2018ж. 20:00
5981
Белгілі жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Әкім Тарази 85 жасқа толды

Белгілі жазушы, драматург Әкім Тарази 85 жасқа толды. Соған орай Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіндегі шәкірттері «Тарази тағылымы» атты шығармашылық кеш ұйымдастырды. Ал мұндай тосын сыйға жұбайымен келген Әкім Тарази қазір жазушылықтан оқырманға ауысқанын айтты.

Әкім Тарази, жазушы-драматург, профессор:

Қазір енді көбінесе оқимын. Оқырманмын. Себебі бастан-аяқ жаза беру деген қиянат болады оқырманға. Менің 7 том прозам шықты. 13 прозам кезінде Қазақстанның көп қалаларында қойған 13 пьесам бар. Солар 1 том болып шығармалар жинағына қосылды. Бәрін қосқанда 9 том кітабым бар.

Кеште мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығына арналған  «Тас жарған» атты деректі фильм көрсетілді. Өзі сабақ берген шәкірттері пьесаларынан қойылымдар қойды. Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия сынды елдерден кино, театр саласындағы әріптестері арнайы келіп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.