Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қазақстандық балет әртістері шалағайлық пен нағыз өнердің ара жігін ажырата білуі тиіс - Б. Аюханов

AstanaTV
19.09.2018ж. 20:00
6952
Қазақстандық балет әртістері шалағайлық пен нағыз өнердің ара жігін ажырата білуі тиіс - Б. Аюханов

Қазақстандық балет әртістері шалағайлық пен нағыз өнердің ара жігін ажырата білуі тиіс. Қазақстанның балет мэтрі Болат Аюханов осылай деді.  80 жасқа толған өнер қайраткерінің Астанада мерейтойлық концерті өтті. Сондай-ақ өзі негізін қалаған Мемлекеттік академиялық би театрына да 50 жыл болған. Белгілі балетмейстерді құттықтауға әлемдік балет өнерінің қас шеберлері арнайы келген. Олардың қатарында Штутгарт пен Эссен балетінің прима балериналары Мария Эйхвальд пен Юлия Цой да бар. Бұл кеште Болат Аюхановтың қазақ балетінің алтын қорына енген құнды туындылары сахналанды. «Кармен-сюита», «Суретші мен Аққу» шығармалары елордалық өнерсүйер қауымды ерекше әсерге бөледі.

Болат Аюханов, ҚР Халық әртісі:

Балет - бұл ауыр еңбекпен келетін қиын жұмыс. Өнердің бұл түрімен айналысатындар тек маңдай тердің, үлкен еңбектің дәмін татады, шаршайды. Балетпен өнермен ауыратын адамдар ғана айналысады.

Гүлфида Гафурова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, балетмейстер:

Болат Ғазизұлы әрқашан уақыттың алдында жүрді. Оның хореографиялық стилі көрермен үшін өз уақытында өте қызық әрі жаңашыл болды. Болат Аюхановты балет өнерінің революционері деп айтуға болады.