Шекарада шу шықты. Алматы облысы «Қорғас» шекара бекетінде әскери қызметкердің миын шайқап, жағын сындырған жігіт қамауға алынды. Күдікті 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Ал жәбірленушіге келген зақым ауыр болса, 3 жылға сотталуы да ғажап емес. Мұны облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Қызмет бабы кезінде оқыстан соққы алған әскеридің қансырап жатқан бейнесі әлеуметтік желіде тарап кетті. Дау шекарашының талабын орындаудан бас тартудан басталған. Күдікті тауар жиналатын аймаққа өтбек болады. Ол «Қорғас» шегаралық экономикалық ынтымақтастық орталығында жұмыс істейтін көрінеді. Ал жәбірленушінің Шегара қызметінің 25 жастағы ефрейторы екені белгілі болды. Есін жиған әскери ауруханада ем алып жатыр.
Ерболат Бегенбеков, алматы облысы, Панфилов аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары :
Жалпы сынықты түйіндеу әдісі бойынша облыстық немесе республикалық деңгейде операция жасалуы керек. Жақ сүйегіне, бір қалыпты жағдайы, операция жасау шұғыл емес. Тиісті ем жасадық, сөйлеп жатыр. Сынығы бекітілген. Енді жоспар бойынша әскери дәрігерлер келіп, госпитальға ауыстыра деп жоспарлап отыр.
Асқарбекұлы Р.