$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«7-20-25» бағдарламасы аясында несие беру 64 пайызға орындалды

AstanaTV
20.09.2018ж. 20:00
2615
«7-20-25» бағдарламасы аясында несие беру 64 пайызға орындалды

Пәтер барлығына жетеді. Баспана рекордтық көлемде тұрғызылып жатыр. "7-20-25" бағдарламасын іске асуын баяндаған Инвестициялар және даму министрі осылай деді. Бүгінде 2 жарым мың өтініш түссе, оның 1 жарым мыңнан астамы мақұлданған. 20 миллиард теңгеге несие берілген. Министр жергілікті билікті бағдарламаға белсенді қатысуға шақырды. 

Айта кетейік қазіргі таңда 7-20-25 және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлығы 67 мыңнан астам пәтер және 27 мың үй пайдалануға берілген.  

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Биылғы жоспар 64 пайызға орындалды. Жалпы осы жылдың жоспары 12 млн шаршы метрден астам. Жоспар жыл соңына дейін орындалады оны біз көріп отырмыз бүгін.