Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Энергетика министрлігі жемқорлық әрекеттеріне қатысты жұмыстарды дұрыс жүргізбей отыр - Олжас Бектенов

AstanaTV
20.09.2018ж. 20:00
2469
Энергетика министрлігі жемқорлық әрекеттеріне қатысты жұмыстарды дұрыс жүргізбей отыр - Олжас Бектенов

Енді «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол берген мемлекеттік қызметкердің басшысы қызметінен кетуі мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осыны көздейтін заң жобасын Мәжілісте талқыламақ. Бұл туралы Энергетика министрлігінде өткен жиында агенттік төрағасының орынбасары мәлімдеді. Соңғы жылдары Энергетика министрлігінде 14 жемқорлық әрекет анықталған. Көбі Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарында тіркелген. Олжас Бектенов министрліктегі мәселе жүйелі, ал ашықтық жоқ деді. Жемқорлықпен күресудің жаңа тетіктері де енгізілмегенін айтты.  

Олжас Бектенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігі төрағасының орынбасары:
Министрлік тарапынан анализ жүргіздік, ешқандай жемқорлық тәуекелі тіркелмеген дейсіздер. Бірақ, біз бақылауға алғанда, біз тексеріс жүргізгенде сыбайластықтың қаупі өте жорғары деңгейде екенін анықтадық. Ішкі сарапшылар, өздеріңіздегі проблемаларды жақсы біле тұра, олай жасауға болмайды!

Еске сала кетейік, Энергетика министрінің екі бірдей орынбасарына Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазарту жұмыстарын атқаруда аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. Қазір оларға қатысты тергеу амалдары әлі де жүріп жатыр.