Мемлекет әлі де кәсіпкерлермен тиімді байланыс орната алмай отыр. Сондықтан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша көптеген жобалар қаржысыз, қағаз жүзінде қалған. Жоғарғы сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры кәсіпкерлерді пайызы төмен несиемен қызықтырып, әлеуметтік салаға тарту керек деп отыр. Төлеш Қаудыровтың пікірінше, пайда түсетініне көзі жеткен кәсіпкерлер ғана әлеуметтік нысанға қаржы құяды. Тек онда табыс бірден түспейді. Сондықтан қаржыландыруға келгенде қазақстандық банктер де барынша қолдау көрсетуі тиіс деп санайды. Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратынша, елде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шамамен 2 триллион теңгенің жобасы жүзеге асып жатыр.
Төлеш Қаудыров, ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот төрелігі академиясының ректоры:
Меніңше, біздің заңнамалар бизнесті жеке салаларға, яғни тәрбие, балабақшалар, әлеуметтік көмек жағына бизнес басын бұру керек. Бизнес қашан оған барады? Тек жағдай жасалған кезде.