$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Сенат төрағасы Үкіметтегілерді гуманизациямен әуестенбеуге шақырды

AstanaTV
21.09.2018ж. 20:00
2723
Сенат төрағасы Үкіметтегілерді гуманизациямен әуестенбеуге шақырды

Елде адам өлімі болған жол апаты мен жасөспірімдерге қарсы қылмыс үшін жаза қатаңдатылуы мүмкін. Бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында Сенат спикері Үкіметтегідерді гуманизациямен әуестенбенбей, керісінше қатаң шара қолдануға шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев заң әлсіз, халық пікірі ескерілмейді деп сынады.

Дәуренбек Бақдәулет,тілші:

Елде қабылданатын заң сапасына қатысты халық тарапынан сауалдар көп. Қоғам өкілдерінің бір тобы заң орындалмайды десе, енді бірі шенділер заңды өз жамбасына лайықтап жазады деп жатады. Бүгін сенат төрағасы соңғы пікірмен келісетінін мәлім етіп, Үкімет жұмысын қатаң сынға алды.

Сеант спикері қабылданған заңға жүзге тарта өзгеріс енгізілетінін, ал олардың кейде бір-біріне қарама-қайшы болатынын ашық айтты. Бұл қоғамның Парламент пен Үкіметке сыни көзқарасын тудырады деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Қазақстанның экономикасы мен саясатында терең жаңартулар жүргізіп, Қазақстанды алдыңғы қатарлы мемлекетке  айналдыру стратегиясы менің ойымша заң шығару процессіне атүсті қарауды тоқтатып, бұл маңызды іске жаңаша көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. Түптеп келгенде азаматтардың әл-ауқаты мемлекеттің заң шығару сапасына тікелей байланысты.

Бұған үкіметтегі шенділер заңның сапасына көңіл бөлетіндерін айтып ақталды. Ашық жарияланғанмен халық оны талқылауға құлықсыз деп деді. Ал, депутаттардың өз пікірі бар. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

Әр министрлік заң жобасын ұсынбас бұрын өзіне тиімді жағын қорғап қалғысы келеді. Бұл түсінікті де. Алайда, бюджетті талқылау кезінде әкімдер депутаттар арқылы өз өңірінің пайдасын қорғағысы келеді. Бұл да бізге белгілі. Парламент қабырғасында кім көрінген мүддені қорғаумен айналысады. Бізде лобби жөнінде заң жоқ. Бұл дамыған елдерде бар. Егер осындай құжат болса, біз де қалай ережелеуді білуші едік.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

Мүддені қорғау бізде өкінішке орай жағымсыз болып саналады. Ал басқа елдерде бұл қалыпты жағдай. Әрине, жаман лобби де бар. Әлемдік тәжірибеде ашықтық топтардың қандай мүддесі бар екенін түсінуге көмектеседі. Сонда мына ұйымнан ақша алдық, мынандай бағытқа жұмсаймыз деп ашық, жариялы айтуға міндетті.

Дәуренбек Бақдәулет,тілші:

Сондай-ақ, сенат төрағасы үкімет гуманизацияның соңынан қуып, нашақорлық, мал ұрлығы кісі өлімімен болатын ЖКО қатысты жауапкершілікті тым жеңілдетіп жіберді деп есептейді. Бұл сынмен Әділет министрлігі келіскенімен, заңды күшейту қылмысты азайту мүмкін емес деді. Үкімет сағатында қарамағандағының жемқорлығы үшін басшысын жауапқа тарту ісі де сөз болды. Министрлердің бұған көнгісі келмейді. Мұндай заң АҚШ-та бар. Ал Сингапурде тіпті қатал. Бір қызметкер парамен ұсталса, ұжым түгелімен жұмыстан қуылатын көрінеді.

 

Бакдаулет Д.