Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Фермерлер Елбасы Жолдауының ауыл шаруашылығы саласына айрықша серпін беретініне сенеді

AstanaTV
02.12.2015ж. 20:00
1283
Фермерлер Елбасы Жолдауының ауыл шаруашылығы саласына айрықша серпін беретініне сенеді

Елбасы өз жолдауында «ҚазАгро» холдингіне барлық ұйымдарды қамтитын жаңа бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Игі бастама ауыл шаруашылығы саласына айрықша серпін берері сөзсіз, - дейді Қазақстан фермерлер одағының өкілдері.

Салаға төмен пайызбен несие беру - стратегиялық маңызы бар мәселе. Шалғайдағы шаруалар «ҚазАгро» холдингінің шарапатын толық көре алмай отыр. Өйткені кепілге қояр мүлкі жоқ. Жыл басынан бері Қостанай облысында 157 шаруа несие алуға өтініш білдірсе, 135-і қаражатқа қол жеткізді.

Владимир Дранчук, «Қазақстан фермерлер одағы» ҚФ төрағасы:

Ауылдың алыстығы мен кепілге қоятын мүліктің жоқтығына байланысты, көптеген банктер қаражат бергісі келмейді. Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп, қаржы бөлініп жатыр. Бірақ жеткіліксіз. Фермерлер елігіндегі жерді кепілге қоюды қарастыруды ұсынады. Елбасы өз жолдауында ауылдық жерлерді несиелендіру жүйесін жетілдіруді тапсырды. Енді осы бағдарламаға сенім артамыз.

Заңғар САНАЙ

 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық