$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Н.Назарбаев: Су-24 ұшағы апатына қатысты Түркия мен Ресей екіжақты комиссия құруы керек

AstanaTV
30.11.2015ж. 20:00
1522
Н.Назарбаев: Су-24 ұшағы апатына қатысты Түркия мен Ресей  екіжақты комиссия құруы керек

«Ресейлік Су-24 ұшағы апатының мән -жайын анықтау үшін, Түркия мен Ресей екіжақты комиссия құруы керек». Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікірін білдірді.

Бұл ұсынысты Президент Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесу барысында айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Әңгімелесуге Түркия тарапы бастамашы болған. Қазақстан Президенті оқиғаға байланысты өкініш білдіріп, екі мемлекеттің қарым-қатынасы нашарлағанына алаңдаушылығын жеткізді. Бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауы барысында да Елбасы осы мәселеге айырықша тоқталып өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Все нюансы этого вопроса нам неизвестны. Но факт является в том, что российский бомбардировщик не нападал на Турцию, не шел на Турцию, шел воевать с террористами. И, как друзья, соратники в борьбе, должны были найти общий язык и не портить отношения, которые складывались много лет. Я тот человек, который много лет работал для того, чтобы сблизить позиции России и Турции, сделать их дружественными. И все это, построенное много лет, может пойти насмарку. Как бы трудно не было, я считаю, нужно совместно создать эту комиссию, определить виновных, наказать и признать ошибки, и восстановить отношения.  

Ресей-Түрік шиеленісіне қатысты ресми Астананың позициясы бүгінде төрткүл дүние назарында. Саясаттанушы Ерлан Кариннің пікірі осындай. Ол ұшақ апатына қатысты екіжақты комиссия құру туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын толығымен құптайтынын жеткізді. Қалыптасқан жағдайдан шығудың бірден-бір дұрыс амалы осы екенін айтты.

Ерлан Карин, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Ресей - Қазақстанның стратегиялық серіктесі. Түркиямен де өте тығыз қарым-қатынастамыз. Әлбетте, Астананың бұл шиеленісті тарқату үшін нендей әрекет істейтінін қазір барлығы бақылап отыр. Мұны сарапшылар да түсінді. Комиссия құрылса, екі жақты қарым-қатынас реттеледі деген үміттемін. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА