Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Үкімет «Қазақстан-2050» Стратегиясы бойынша алдағы жұмыс жоспарын айқындады

AstanaTV
21.01.2014ж. 20:00
1301
Үкімет «Қазақстан-2050» Стратегиясы бойынша алдағы жұмыс жоспарын айқындады

Бүгін Үкімет Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетіп берген бағытына сай алдағы жұмыс жоспарын айқындады. Жоспар 40 бағыттан тұрады. Онда әр министрліктің атқаратын шаруасы пысықталған. Ал Үкімет басшысы бәсекелістікті арттыра отырып, жеке кәсіпкерлікке орынсыз киліге бермеу керектігін тағы бір ескертіп, мемлекеттік мекемелерді бәсекеге қабілетті ортаға берудің нақты механизмін қалыптастыруды тапсырды. 


Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрі:


Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің ұзақ мерзімді даму жолын "Қазақстан-2050" Стратегиясын іске асырудың нақты бағыт-бағдарын айқындап берді. Жолдауда Үкіметке нақты маңызды тапсырмалар берілді. Әрбір мемлекеттік орган осы тапсырмаларды мұқият қарап, олардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.


Үкімет мүшелері жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді 4 - 4,5 есеге өсіріп, 60 мың долларға дейін жеткізуге әбден болады деп, осы тапсырманы өміршеңді ету жолында нақты бағыттарын айқындады. Ал бұл өз кезегінде тұрмысы орта табысты қазақстандықтардың қатарын арттыра түспек. 


Айгүл ӘДЕПБАЙ