$478.93 €534.96 ₽5.16
×

АЭС құрылысының мерзімі белгіленеді

AstanaTV
21.01.2014ж. 13:00
1148
АЭС құрылысының мерзімі белгіленеді

Үстіміздегі жылдың наурыз айында атом электр станциясы мен төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылыс мерзімі мен орналасатын жері белгілі болады. Тиісті ұсынысты Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі енгізбек. Бұл туралы бүгін Ерболат Досаев үкімет отырысында мәлімдеді.

Сондай-ақ, атом станциясына арналған ядролық отынды шығару мәселесі де жыл соңына дейін шешімін табуы тиіс. Мұнай өңдеу зауыты мен атом электр станциясының құрылысы туралы тапсырманы өзінің биылғы Жолдауында Президент айтқан еді.

Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі:

Үкіметтің алдында үш айдың ішінде жұмыстарымызды бітіріп, мұнай өңдеу зауытының жұмыстарын қашан бітіріп, атом стансасының басқа да алдымызға қойған мақсаттарымызды, тапсырманы өткізу үшін бүгін өткізген жұмыстарымыз.
Жоспар жобасы ҚР Президент әкімшілігінде қаралып жатыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ