Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Израиль Қазақстан жерінде бірлескен әскери жаттығуларын өткізуге ұсыныс жасады

AstanaTV
21.01.2014ж. 13:00
1001
Израиль Қазақстан жерінде бірлескен әскери жаттығуларын өткізуге ұсыныс жасады

Израиль Қазақстанға бірлескен әскери оқу-жаттығуларын өткізуді ұсынды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс Министрі Әділбек Жақсыбековтың Израильге ресми сапары барысында мәлім болды.

Израиль президенті Шимон Переспен кездескен министр Жақсыбеков екі мемлекет Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанын және Қазақстан әскери өнеркәсіп саласында Израильмен инвестициялық және техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша маңыз беретінін атап өтті.

Өз кезегінде, Шимон Перес Израильдің жоғары технологияларды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа әзір екенін жеткізді. Сондай-ақ, әскери өзара іс-қимылға қатысты Қазақстан полигондарында екі ел қарулы күштерінің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу туралы ұсынысын айтты. Әділбек Жақсыбеков ресми сапары барысында Израиль мемлекетінің Қорғаныс министрі Моше Яалонмен екі ел арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.