$515.25 €535.91 ₽5.18
×

«Bek Air» ұшағының апатты жағдайда қонуына қатысты істі ҚР Бас көлік прокуратурасы бақылауға алды

AstanaTV
28.03.2016ж. 20:00
1719
«Bek Air» ұшағының апатты жағдайда қонуына қатысты істі ҚР Бас көлік прокуратурасы бақылауға алды

«Bek Air» әуе компаниясы ұшағының апатты жағдайда қонуына қатысты іс Бас көлік прокуратурасының жіті бақылауында. Бұл туралы ведомоствоның ресми өкілі Әділет Тоқтамысов мәлім етті. Қылмыстық іс арнайы прокурорлардың өндірісіне алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіле бастаған.

Әділет Тоқтамысов, ҚР Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі:

Қазіргі уақытта прокуратура органдарына ұшақ жолаушыларынан ешқандай шағым түскен жоқ. Жолаушылар прокуратура органдарына және Азаматтық авиация комитетіне шағымдана алады. Бұл арыздар «Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібі туралы» заңның аясында қаралатын болады.

Берік ХАСЕНОВ