Спорт Қазақстан
$457.61 €493.07 ₽4.99
×

«Bek Air» ұшағының апатты жағдайда қонуын арнайы құрлыған комиссия тексермек

AstanaTV
28.03.2016ж. 20:00
1766
«Bek Air» ұшағының апатты жағдайда қонуын арнайы құрлыған комиссия тексермек

Астана әуежайына апатты жағдайда келіп қонған «Bek Air» ұшағына қатысты істі арнайы құрлыған комиссия тексермек. Бұл туралы бүгін әуе компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов ресми мәлім етті. Сондай-ақ Азаматтық авиация комитеті «Bek Air»-ге тиесілі «Фоккер-100» ұшақтарын техникалық актісіз пайдалануға тыйым салды. Қызылордадан Астанаға ұшқан лайнердің алдынғы шассиі ашылмай, әуежайға қауіпті жағдайда қонған еді. Абырой болғанда, барлығы дін аман.

Давай, родной, садись! Он не может перед посадить! Все сел!!!

Қызылордадан Астанаға бет алған ұшақ апатты жағджайда қонарда, әуежайдағы барлық құтқару қызметі дайын тұрды. Өрт қауіпсіздігі үшін көбік төгілген. Алдыңғы шассиі ашылмаған ұшақта, 5 экипаж мүшесін қосқанда, 121 жолаушы болған. Аман қалған адамдар командирге алғыстарын жаудырды.

Райма Капиева, жолаушы:

Мен жыладым. Бақыттан, әрине, Аллаға шүкір! Күйеуім екеуіз Қызылордаға тойға барған едік. Қайтарда осы рейске отырдық. Бірақ Астанаған жеткенде, оның 5-6 айналым жасап, қона алмағанын көргенде, қатты қорықтық. Үйде қалған балаларымды ойлап кеттім. Аллаға, ұшқышқа мың алғыс!

Ал бұл кісі - сол шассиі ашылмаған ұшақты тігіндеген экипаж жетекшісі, 53 жастағы Дмитрий Родин. «Bek Air»-ге тиесілі лайнерді 2 жылдан бері тізгіндеп келген. Жалпы 30 жылдық тәжірибесінде мұндай қауіпті жағдайға алғаш рет тап болыпты. Екінші ұшқыш - 28 жастағы Вадим Смеречанский. Дінмұхамед Қонаевтың жеке ұшқышының немересі екен. Олар борттағы адамдардың өмірін сақтап қалғандарына қуанышты.

Дмитрий Родин, экипаж командирі:

Үшінші айналым жасағаннан кейін, шассидің шықпағанына көз жеткен соң, мен аға борт қызметкерлерін шақырып, жағдайды түсіндірдім. Олар жолаушыларға ескертіп айтты. Әрине, үрейді алдын алу керек еді. Ал өзімді ерекше бір ерлік жасадым деп ойламаймын. Себебі бастысы - өз өмірімді сақтау, егер өз өмірімді сақтасам, жолаушылар да аман қалады деген ой тұрды.

Ұшқыш жағдайды күтпеген техникалық себепке теңеп отыр. Себебі «Фоккер-100» рейске шығардың алдында ғана тексерілген екен. Ал «Bek Air» басшылығының түсіндіруіне қарағанда, дәл осы әуе кемесі қаңтар айында Бразилиядан лизингтік жолмен әкелінгенде тексеруден өткен.

Нұрлан  Жұмасұлтанов, «Bek Air» әуе компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:

Оның әзірге 34-35 мың тасылым жасаған ұшақ болса, жоспарға сай ол 90 мыңға дейін белгіленген. Сондықтан қызметінің үштен бір бөлігін ғана атқарған. Ұшаққа қатты зақым келгемен. Жөндеуге болады. Жалпы бізде 6 «Фоккер-100» кемесі бар. Тексеру басталып кетті. Бұл жерде тікелей техникалық себеп болған. Және ұшқыштың біліктілігі де бар.

Сондай-ақ, бүгін Азаматтық авиация комитеті «Bek Air»-ге тиесілі «Фоккер-100» ұшақтарының техикалық актілерін толық тексеруден өткізуге нұсқау берді. Ал тәжірибелі ұшқыштар экипаж мүшесінің қызметіне жоғары баға беріп отыр.

Шамиль Беришев, ұшқыш-штурман:

Ұшақтың бұлай қонуы, яғни алдыңғы дөңгелектің шықпай қалуы, өте қауіпті. Өйткені әуе кемесі тұмсығымен қонарда қатты зақым алады. Ал оның арты өртке әкелуі мүмукін. Бірақ бұл жағдайда оған жол берілген жоқ. Әрине, бірінші ұшқыштың, екінші жердегі сақтық шарасының барынша жасалуы.

Осыған ұқсас оқиға Багам аралының астанасында тура бір күн бұрын болған еді. Дөңгелегі шықпай қалған Американың «JetBlue -190» ұшағы да тура Бек эйр ұшағы сияқты сәтті қонды. Ал 2010 жылдан бері мұндай 8 апат тіркелген екен.

Құралай Пионер, тілші:

Осы оқиғадан кейін, әрине, ұшаққа отыруға кім-кімнің де жүрексінетіні рас. Бірақ соңғы ақпарға қарағанда, компания рейстерін тоқтатпаған. Тағы бір жаңалық, өздерімен қоса 121 адамның өмірін сақтап қалған қос ұшқыш жоғары кәсібилік танытқандары үшін мемлекеттік наградаға ұсынылды.

Құралай ПИОНЕР