$486.44 €534.31 ₽5.06
×

Пастереллезден 700-ге жуық ірі қара қырылды

AstanaTV
31.05.2016ж. 20:00
1722
Пастереллезден 700-ге жуық ірі қара қырылды

Елдің үш өңірінде пастереллез дертінен 700-ге жуық ірі қара мал қырылды. Бұл жөнінде ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары мәлімдеді. Айтуынша, індет Ақтөбе, Атырау және Қарағанды облыстарын жайлаған. Десе де қазір жағдай реттелді, дейді Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілі. Бірақ Ресей тарапы сиыр етінің экспортына шектеуді әлі алмаған.

Тұрсын Қабдулданов, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:

Ол көктемнің кезінде, қыстан шыққан мал. Жайылымға шыққанан кейін ауыруы мүмкін. Оның ішінде биылғы төлдердің ауырып, жұқпалы емес аурулармен аурулары мүмкін.

Ал  шегірткемен күреске биыл мемлекеттік бюджеттен 2,7 миллиард теңге бөлінген. 1 миллион 779 мың гектар жерде химялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, Азия, Марокко және Италия шегірткесінің көзі жойылады деп күтілуде. Ал саяқ шегірткелерін жергілікті әкімдіктер өз есебінен залалсыздандырады. Оңтүстік Қазақстан өңірінде зиянкес жәндіктерді жою үшін 48 миллион теңге қарастырылыпты.

Алмабек Марс, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары:

Арнайы қаулымен белгіленген, ОҚО 48 миллион теңге бөлінген. 18 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар 3 жеңіл әуе кеме қатысып жатыр, бір ұшақ арнайы сол жерде жұмыс істеп жатыр. Барлық жағдай істелді. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА