$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Қаңтардағы қарлы дауылдар АҚШ-қа 3,5 млрд шығын келтірді

AstanaTV
10.02.2014ж. 13:00
1211
Қаңтардағы қарлы дауылдар АҚШ-қа 3,5 млрд шығын келтірді

АҚШ-ты қаңтар бойы қысқан аяз ел бюджетіне үш жарым млрд доллар шығын әкелуі мүмкін. Сарапшылар есебі осындай. Ал «Bloomberg» өз кезегінде, өткен айдың тек екінші аптасындағы шығын 1,4 млрд долларды құрағанын анықтаған. Қақаған қыстан 20-дан астам адам көз жұмды.

Бірнеше штаттарда 50 см-лік қар түсіп, жағдайды қиындатты. Елдің солтүстік шығысы мен орталық атлантика аудандары мұз құрсауында қалды. Мемлекеттік мекемелер де жұмысын тоқтатқан кездер болды. Мыңдаған ұшақ рейстен қалды. Жылу құбырлары да жарылып, суықтан зардап шеккен тұрғындар сақтандыру компанияларының табалдырығын тоздырып болды. Ал сақтандыру компаниялары өз кезегінде мыңдаған шағымды қанағаттандырып үлгермей жатыр.

Айта кетерлігі, 21 ғасырдың басынан бері биылғы қаңтар Америкада ең суық ай деп тіркелді.