Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Босниядағы үкіметке қарсы акциялар ауқым алып бара жатыр

AstanaTV
10.02.2014ж. 10:00
1225
Босниядағы үкіметке қарсы акциялар ауқым алып бара жатыр

Босниядағы билікке қарсы наразылық тыныштар емес. Бес күн бойы бас көтерген жастар елдегі жемқорлық пен жұмыссыздықтың алдын алуды сұрап отыр. Наразы топ полицейлерге шабуыл жасап, ғимараттардың күл-талқанын шығаруда.

Әзірге, тәртіп сақшылары бас көтерушілерге тойтарыс бере алмай жатыр. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан қазір 200-ге жуық адам жарақат алды. Көбі полицейлер. Наразы топ биліктің отставкаға кеткенін сұрап отыр. Сонымен қатар, ереуілшілер жұмыссыздыққа қарсы жаңа жүйені енгізуді талап етті. Ал бірқатар жергілікті билік өкілдері басшылықтан кеткендерін хабарлап жатыр.

Александр Вучич, Сербияның бірінші вице-премьері:

Бірінші кезекте, Босния мен Герцеговинадағы жағдайды оңтайландыру керек. Сол кезде ғана күллі Сербиядағы тәртіпсіздік тоқтайды. Елдегі қазіргі жағдай жақсылыққа апармайды. Бұл - мемлекетке қауіпті.

Әлия ӘШІМ