Ақтөбе
облысында екі жеткіншек мылтық оғынан жарақат алды. Олар дереу Хромтау қаласындағы аудандық
ауруханаға жеткізіліпті. Аудандық
аурухананың бас дәрігері Рүстем Исаевтың ақпаратына сәйкес, бірінің қарын
тұсына, екіншісінің қолына бытыра тиген. Ішіне оқ дарыған жеткіншекке ота
жасалып, көмек көрсетілген. Қазір ол палатаға көшіріліп, емін жалғастырып
жатқанын айтты. Ал кәрі жілігінің жүйке жүйесіне зақым келген екінші оқушы
Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жарақаты тігіліп, көмек
көрсетілген. Бірақ жақын арада тағы бір ота жасалуы тиіс, - деді облыстық
балалар ауруханасы дәрігері.
Әділбек
Омаров, Ақтөбе облыстық балалар ауруханасы травматология бөлімшесінің
жетекшісі:
Әдетте
кәрі жіліктің жүйкесіне зақым келгенде, адамның қолы салбырап қалады. Бұл жерде
толық зақымданбаған сияқты. Бірақ жүйкенің жартылай болса да жарақат алғандығы
рас. Біраз уақыт өткеннен кейін сол жерге қайтадан ота жасап, тігіп тастаса,
қалпына келеді.
Әзірге
олардың қалай жарақат алғандығы белгісіз. Ішкі істер депаратаменті
қызметкерлері қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.
Мансұр ЕСҚОЖИН