Ресейдің
Мысырға ұшақ қатынасын тоқтатуы қазақстандықтарға да әсер етіп отыр. Солтүстік
Қазақстан облысының тұрғындары араб еліндегі демалыстары арзанға шығу үшін
Омбы, Түмен арқылы ұшуды көздеген. Енді олар туроператорларға берген бастапқы
жарналарынан қағылайын деп тұр. Мысырға сапар шеге алмай қалғандармен Абзал
Құрманкин тілдесіп қайтты.
Валентина
ата-анасының шетелде демалып қайтуын көптен бері армандапты. Жуырда ол зейнетке шыққан ата-анасына туристтік жолдаманы сыйға тартқан. Бастапқы жарна
ретінде жолдаманың отыз пайызын төлеп қойыпты. Ресей Мысырға рейстерді
доғарғаннан кейін, туристтік агенттікпен келіспеушіліктер басталды, - дейді ол.
Айтуынша, туроператор бастапқы жарнаны қайтарудан бас тартып отыр.
Мысырға
бара алмағасын туристтік агенттік бізге басқа елге баруды ұсынды. Бірақ ұсынған
нұсқалары қымбат болып шықты. Ондай жолдамаларды біздің қалтамыз көтермейді.
Жақында мүлдем келісімшарттың бұзылғаны туралы естідік. Сөйтіп, 117 мыңнан
айырылып қалдық.
Алайда,
кей турагенттіктер өз міндеттерін орындаудан жалтарған жоқ. Мысырға ұшпақшы
болған азаматтардың қаражаттарын олар толық мөлшерде қайтаруға ниетті.
Наталья
Зварич, туристтік агенттіктің директоры:
Біздің
компания арқылы үш кісі Мысырға аттанбақ болды. Бізбен жұмыс жасайтын шетелдік
туроператор жағдайымызды түсініп, айыппұлсыз бүкіл ақшаны қайтаратын болды.
Қазір біз оларға басқа жаққа баруды ұсынып отырмыз.
Туристтік
агенттіктер өз тұтынушыларына әзірге Мысырға саяхаттауды кейінге қалдыруға кеңес
береді. Сағынай Әбуов Мысыр елінің мәдениетімен танысуды бұрыннан бері армандап
келген. Тіпті ақша жинап, жақын арада отбасымен бірге барып қайтуды
жоспарлапты. Алайда, ол да әзірге арманынан бас тартуға мәжбүр.
Сағынай
Әбуов, Петропавл қаласының тұрғыны:
Қазіргі
әлемдегі тұрақсыздықтан сәл қорқып отырмыз. Енді барлығы қалпына келгенше, бармайтын шығармыз. Бәлкім, қысқы демалыста басқа жаққа барып қалармыз.
Әуе
апатынан кейін бұл елген барғысы келген азаматтар қазір басқа аймақтарды
таңдауға көшкен. Туристтік агентік өклдері кейбір елдер жағдайды пайдаланып,
жолдамалардың бағасын көтеріп жібергенін айтады. Олардың ішінде туристтердің
орталығы болып саналатын Тайланд та бар.
Абзал
ҚҰРМАНКИН