$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Ақтөбеде студенттер адам мүрделерінің қалдықтарын тапты

AstanaTV
10.11.2015ж. 20:00
Ақтөбеде студенттер адам мүрделерінің қалдықтарын тапты

Ақтөбеде сенбілікке шыққан студенттер адам қаңқаларын тапты. Олар қаланы тазалау кезінде екі адамның басы мен басқа да сүйектерге тап болған. Ол Ақтөбе маңындағы Заречный-3 ауданындағы қоқыс арасынан табылған.

Бір айта кетерлігі, іске қосылғанына 1 жылға жуықтап қалған «Райгүл» балабақшасы оқиға орнынан таяқ тастам жерде. Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық дәлізге шығатын ірі жол торабы да осы маңда. Полицейлер адам қаңқаларының бұл жерге қайдан тап болғандығын анықтауға кірісті.

Әсел Бекбауова, оқытушы:

Бас сүйегі өте ескі екендігі көрініп тұр. Жерде біраз жатып қалған сияқты. Біз бірден әкімдікке хабарласып, полицейлерге ақпарат бердік. Криминалисттер келіп, оқиға орнын қоршауға алып, бізден анықтама алды.   

Мансұр ЕСХОЖИН