×

Экологтар: Каспий теңіз жануарларын қорғайтын орталық салу қажет

AstanaTV
10.11.2015ж. 20:00
2329
Экологтар: Каспий теңіз жануарларын қорғайтын орталық салу қажет

Ақтауда Каспий жағасына шығып қалған итбалықтың өмірі үшін бір тәулік бойы күрескен мамандар ақыры жануарды өлімнен сақтап қала алмады.

Қала тұрғындары қозғалыссыз жағада жатқан итбалықты байқап, Каспийдің биоқоры үшін жауапты балық шаруашылығына хабарласқан. Мамандар жануардың денесінен ісік барын анықтаған.

Әділ Шихметов, Маңғыстау аумақтық балық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

Итбалықтың дерті бірнеше күнге созылған. Тоңы шамалы, бас жағында ісік бар. Қазір жануардың денесін республикалық ветеринарлық зертханаға жібереміз.

Тәуелсіз экологтар жағдайға байланысты Ақтауда жануарларға арналған мамандандырылған ем орталығы жоғын алға тартады. Соңғы кездері бұндай жағдайлар жиілеп кеткен. Мәселен, көктемде қоқиздар белсенділердің қолында арам қырылды. Олардың тек бернешеуін сақтап қалу мүмкін болды.

Кирилл Осин, «ЭКО Маңғыстау» қозғалысының жетекшісі:

Итбалықтардың жаппай мұнай қалдықтарымен улануы орын алса, біз ешқандай көмек көрсете алмаймыз. Сондықтан жабайы жануарларды қорғау орталығын құруды қолға алатын кез келді. Бұндай жағдайлар алғашқы рет болып отырған жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ