Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астана құтқарушылары тұрғындарға ескерту жасады

AstanaTV
31.05.2016ж. 20:00
1605
Астана құтқарушылары тұрғындарға ескерту жасады

Ертеңнен бастап Қазақстанның барлық аймағында суға түсу маусымы ашылады. Бірақ Астанадағы судан құтқару қызметі судың әлі жыли қоймағанын хабарлады. Статистика бойынша кісі өлімі осы маусым айында көп тіркеледі. Мамандар қайғылы оқиғалардың 70 пайызы адамдардың мас күйде, 98 пайызы тыйым салынған жерлерде шомылуынан дейді.

Қазір республиканың әр аймағында құтқарушылар қатаң жұмыс режиміне көшкен. Суға түсуге тыйым салынған жерлерге арнайы белгілер қойылады. Ал бұл ескертуді елемеген азаматтарға тіпті айыппұл салынады.

Эльдор Райымбеков, Астана қаласы ТЖД ТЖЖ бөлімінің бастығы:

+ 20 болу керек судың жылуы. Сол кезде ғана адам суға түсуге болады. Өйткені судың ішінде 20 минуттан аспай болуы керек. Ал, біздің азаматтар судың ішіне кіреді, ал судың үсті жылы болғанымен, асты салқын. 8-9 градус. Сондықтан олардың сіңірі тартылып, судың астына кетіп жатады. Сондықтан адамдарға ережелерді сақтауға ескертемін. 

Берік ХАСЕНОВ