Бұдан
былай Қостанайдағы жағажайларда құтқару қызметі болмайды. Демалушылардың
қауіпсіздігі жағажай иелеріне артылмақ. Алайда мемлекеттік құтқару қызметі олар
қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарап отыр деп дабыл қағуда. Шомылу маусымына
бір күн қалғанына қарамастан, аймақтағы жекенің иелігіндегі жағажайлардың
көбінде құтқару қызметі құрылмаған. Ал бұған дейін демалыс орындарындағы
қауіпсіздікті сақтап келген мемлекеттік судан құтқару қызметі таратылып,
жедел-құтқару жасағының құрамына енгізілген. «Әмбебап құтқарушылар» барлық
апаттық-құтқару жұмыстарына жұмылдырылады. Сондықтан өзен-көлдердің түгеліне
бақылау жүргізе алмаймыз деп отыр. Өйткені жұмыс күші жетіспейді. Өңірлік жасақ жеке жағажайдың өкілдерін оқытып,
арнайы куәлік беруге дайын. Әзірге құтқарушы мамандығын меңгеруге 3 адам ғана
ниет білдірген. Ал аймақта 24 суға түсетін орын бар.
Арон Байғожин, «Солтүстік» өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары:
Мына
жерде бізде күніне 3-4 адам кезекшіліке түседі. Олар жаңағы ДТП болса, басқа да
құтқару жұмыстарын жүргізу керек болса,
соған тезірек жөнеледі. Мында бір адам
ғана телефонда қалады. Оның енді суға батқан адамды құтқаруға шамасы келмейді. Ішкі істер министрінің 34 бұйрығы бар. Сол бойынша әр жағажай немесе су қоймасы
кімнің қарамағында болса, негізі сол жердің қожайындары қауіпсіздік шараларына өздері жауап береді.
Заңғар САНАЙ