$486.44 €534.31 ₽5.06
×

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өтемақы төлеуді бір айға шегерді

AstanaTV
01.06.2016ж. 20:00
1596
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өтемақы төлеуді бір айға шегерді

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» курстық айырмашылық бойынша өтемақы төлеу мерзімін бір айға шегерді. Мұны банк басшылығы қосымша келісімшарт жасау үшін уақыт тапшылығымен түсіндіріп отыр. Сөйтіп банктің директорлар кеңесі салымшыларға өтемақы төлеуді осы жылдың 1 шілдесінде бастамақ. Бұл туралы бүгін қаржы институтының баспасөз қызметі мәлімдеме таратты.

Айта, кетейік, өткен жылы теңгенің еркін айналымға жіберілуінен соң, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" де депозит көлемі 1 млн теңгеден аспайтын клиенттерге курстық айырмашылық үшін өтемақы төлеуге шешім қабылдаған еді. Мұндай салымшылар саны 150 мыңнан астам. Олардың 10 мыңға жуығы әлі банкке хабарласып, өтініш жазбаған. Қаржы мекемесі өтемақыны екі траншпен бөліп төлемек.

Айбар Олжаев, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ баспасөз хатшысы:

Бүгінге дейін қол қойып үлгерген салымшылар банк уәде бергендей, яғни осы айда алғашқы траншты алады. Ол маусымның 10-нан төленеді. Ал бүгінге дейін қосымша келісімге қол қоймағандар тамыздың 1-не дейін өз өтемақыларын алады. Осыған орай салымшыларды келісімге қол қоюға шақырамыз. Әлі де кеш емес.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ