Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Оралда бір пысықай темір жолды жекешелендіріп алмақ болған

AstanaTV
04.11.2015ж. 20:00
1119
Оралда бір пысықай темір жолды жекешелендіріп алмақ болған

Оралда бір пысықай қалаішілік темір жолды жекешелендіріп алмақ болған. Көлік прокуроры Болат Қалықовтың сөзінше, ұзындығы 3,5 шақырымға созылған шойын жол арқылы қаладағы ірі қоймаларға тауар жеткізіледі.

Жолдың тиісті құжаттарын жинап, рәсімдеуге кіріскен пысықай болашақта темір жолмен өтетін кәсіпкерлерге салық салып, ақша табуды көздеген сыңайлы. Алайда, ойы іске аспады. Құны 32 миллион теңгені құрайтын стратегиялық маңызы зор шойын жол мемлекетке қайтарылды. Ал кінәсін толық мойындаған азамат жеңіл жазамен құтылды. Алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға шартты түрде сотталды.