Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда ұшақтардың техникалық жағдайы мен ұшқыштардың дайындығына қатаң бақылау жүргізіле бастады

AstanaTV
04.11.2015ж. 20:00
1220
Қазақстанда ұшақтардың техникалық жағдайы мен ұшқыштардың дайындығына қатаң бақылау жүргізіле бастады

Елімізде қауіпсіздік стандарттарына сай ұшуға рұқсаты бар 447 ұшақ бар. Тағы 400-ге жуық әуе кемесі талапқа сәйкес келмейді. Бұл жайында азаматтық авиация комитеті өкілдері мәлімдеді. Паркте тұрған жарамсыз ұшақтарды іске қосу үшін қыруар қаржы қажет көрінеді. Мысырдағы ұшақ апатынан соң біздің елде де дабыл қағылып, ұшақтардың техникалық жағдайы мен ұшқыштардың дайындығы назарға алынған.

Көпбосын Тоқпақбаев, ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті басқарма басшысы:

Біз қазір бүкіл авиакомпанияларға жолдаухат жібердік. Солардың әрбір пункттерін олар орындаулары керек. Біз әрқашан кезекті  инспекциялық тексерістерде барып тексеріп тұрамыз. Ұшқыш мүшелері қалай қимылдайды, олар тез қимылдау керек. Және тез қимылдағанда, дұрыс қимылдау керек. Екінші жағдай - техникалық ақаулар. Техника болған соң, жаңа техникада да, ескі техникада да ақаулар болып тұрады. Оларды болдырмау үшін біз профилактикалық жұмыстарды жүргіземіз. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА