Отқа
оранған ұшақтан жолаушыларды жылдам құтқарып, жарылыстың алдын алу. Өскеменде
өткен командалық штабтық оқу-жаттығу жиынының мақсаты осы болатын.
Оқу-жаттығу
жоспарына сәйкес, ауа-райының қолайсыздығынан ЯК-40 ұшағы ұшу-қону алаңынан
шығып кетті. Әуе кемесінің бір қанаты жерге тиіп, лезде өрт шықты.
Салдарынан негізгі есік жабылып қалған.
Бортта 30 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі бар. Жолаушылардың бірі орындық
арасында кептеліп қалды. Дабыл қағылысымен құтқару қызметі жалынды сөндіруге
кірісті. Іштегілер қосымша есік арқылы шығарыла бастағанда, жедел жәрдем мен
психологтар да келіп жетті. Құтқару
операциясы он минутқа созылды. Оқу-жаттығуды қорытындылаған департамент
басшылығы әрбір әуе апатының құтқарушылармен жіті талқыланатынын атап өтті.
Александр
Ломыгин, ШҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы:
Мысырдағы
ұшақ апатын біз осы «Қыс-2015» жаттығуына сабақ етіп алдық. Ұшақтың адам аяғы жетуі қиын жерге құлағанын
да ескердік. Сол себепті өту мүмкіндігі жоғары техникалар қолданылды.
Құтқарушылар облыстың кез-келген жеріне осы техникамен жете алады.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ