$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Керекуде салоны жолаушыға толы шағын автобус жанып кетті

AstanaTV
04.11.2015ж. 20:00
1432
Керекуде салоны жолаушыға толы шағын автобус жанып кетті

Керекуде салоны жолаушыға толы шағын автобус жанып кетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына электрдің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

Оқыс оқиға таңғы сағат сегіздер шамасында болды. Орталық көшелердің бірінде келе жатқан №3 бағыттағы шағын автобус аяқ астынан отқа оранған. Куәгерлер түсірген мына бейнежазбада көліктің жылдам жанып жатқанын көруге болады. Төтенше қызмет өкілдері бұл ақпарды растады. Қызыл жалын көліктің алдыңғы бөлігін тұтас жалмаған. Автобуста болған 10 жолаушы дін аман.

Қайыргелді Әлімхан, Павлодар облыстық ТЖД бөлім басшысы:

Тілсіз жау 6 шаршы метр аумақты қамтыды. Зардап шеккендер жоқ. Автобус жолаушылары құтқарушылар келгенше өздігінен көліктен шығып үлгерген. Өрттің  себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ