Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Міндетті медициналық қорға жиналған ақша, адам қайтыс болса, қайтарылмайды

AstanaTV
04.11.2015ж. 20:00
1121
Міндетті медициналық қорға жиналған ақша, адам қайтыс болса, қайтарылмайды

Міндетті медициналық сақтандыру қоры енгізілсе, аккредиттеуден өткен жеке емханалар да адам қабылдайды. Яғни қорға жинаған қаржыға жеке клиникаларда да тегін емделесіз.

Министрлік өкілдері медициналық сақтандыру қоры жайлы түсініктеме беруге тырысты. Қаржыға Ұлттық Банк бақылау жүргізеді екен. Бұған дейін хабарлағанымыздай, халық қорға 2019 жылдан бастап жалақысының бір пайызын, 2020 жылдан екі пайызын аударуға міндеттеледі. Ал жұмыс беруші 5 пайыздық жарна құяды. 2017 жылдан бастап жұмыс берушілер жұмыскер үшін жарнаның 2 пайызын төлей бастайды. Алайда бұл зейнетақы қоры емес, адам қайтыс болса, жинаған ақшасы туыстарына қайтарылмайды.


Қадыр Омаров, ҚР Денсаулық сақтау ұлттық палатасының төрағасы:

Ол сол қорда қалады. Ол қорда барлық адамдардың денсаулық сақтауына жұмсалатын ақша. Бізге жиналатын ақша барлық халықтың денсаулығын жақсартуға жиналатын ақша. Сіз ауырмасаңыз да, төлейсіз. Сіз ауырмасаңыз да, туыстарыңыз ауырады. Оларды кім емдейді? Үкіметтің ақшасы жетпейді.

Осылайша денсаулық саласындағы шенеуніктер жетпеген қаржыны халықтан өндіріп алу керек деп шешкен сыңайлы. Дегенмен бұл екі пайыз тұрғындардың қалтасына айтарлықтай салмақ түсірмейді деп сендірді ведомство өкілдері. Қорға аударылатын ақшаның бір бөлігі жеке табыс салығынан ұсталады.

Анжелика Парсегова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің заңгері:

Салмақ болады. Бірақ сондай ауыр емес. Жұмыс істейтін адам сол 2 пайыз міндетті жарнаны медициналық қорға аударады. Есесіне бюджетке аз салық төлейді. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық