Беларусь
президенті Александр Лукашенко ұлттық валютаны деноминациялау туралы бұйрыққа
қол қойды. Бұдан былай 1 жаңа Беларусь рублі ескі үлгідегі 10 000 рубльге
теңеседі. Бұл туралы БЕЛТА агенттігі хабарлайды.
Тұрғындар ескі ақшаны
келесі жылдың екінші жартысынан бастап ауыстыра бастайды. Жаңа банкноттар 2008 жылы дайын болған. Алайда әлемдік дағдарысқа
байланысты деноминация кейінге шегеріліп келді. Жаңа ақша елдің Ұлттық банкінде
сақтаулы тұрған. Орталық банк өкілдері "деноминация техникалық тұрғыда
ғана өзгеріс әкеледі. Ол Беларусь рублінің сатып алу қабілеті инфляция деңгейі
мен бағамына әсер етпейді" деп сендіріп отыр. Келесі жылы шілдеден бастап
барлық тауарлар бағасы 1:10 000 көрсеткішімен қайта есептеледі. Демек,
деноминацияға дейін 100 000 рубль тұрған тауар 10 рубльге бағаланбақ.
Мөлдір
БАҚЫТҚЫЗЫ