ЭКСПО-2017
көрмесіне француздар белсене қатысады деген жоспар бар. Бұл жөнінде елбасының
Францияға сапары кезінде айтылды.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Парижде де жоғары деңгейде қарсы алды.
Мемлекет басшысы Елисей сарайында болып, Франция басшысы Франсуа Оландпен
кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Шағын және кеңейтілген құрамда өткен кездесулер барысында екі ел
басшылары өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты. Нұрсұлтан
Назарбаев Франция президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Франция президенттерінің
бірлескен декларациясы қабылданды. Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне француздардың қатысуы туралы шарт, ғарыш бойынша ынтымақтастықты дамыту
декларациясы мен білім беру министрліктері арасында бірлескен құжаттарға қол
қойылды. Президент француз кәсіпкерлерін елімізге инвестиция құйып, мемлекеттік
жекешелендіру бағдарламасына қатысуға шақырды.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының
Президенті:
Тау-кен
металлургиялық, мұнай өндіруші, энергетика, байланыс және инфрақұрылым
салаларындағы кәсіпорындарды жекешелендіруді жүргіземіз. Ауқымда бағдарлама
қыбылданды, жақын арада бастаймыз. Бұл
науқан сіздердің компанияларыңыздың қызығушылығын тудырады деп ойлаймын.
Ресми сапар барысында Елбасы Франциядағы жетекші компаниялардың басшыларымен
кездесті. «Total» компаниясының бас атқарушы директоры Патрик Пуянне Нұрсұлтан
Назарбаевқа Қашаған кенішін игеру және еліміздегі өзге де инвестициялық
жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты. Қазақстанда Францияның жүзден астам компаниясы жұмыс
істейді. Олар құны 2 миллиард доллардан асатын жобаларды жүзеге асырып отыр.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Екі
жақты сауда айналымы соңғы жылда әлемдегі қиын жағдайларға қарамастан, 6
миллиард доллар көлемінде тұрақтап отыр. Француз бизнесінің соңғы 10 жылда
біздің экономикамызға салған инвестициясы шамамен 12 миллиард доллар болды.
Қазақстан нарығында мұнай, тау-кен, энергетика, өндіріс, ғарыш сынды бірқатар
салаларда жұмыс істейтін 130 француз компаниясы бар.
Сапар
аясында Елбасы ЮНЕСКО бас конференциясының 38-ші сессиясының жұмысына да
қатысты.
Айгүл ӘДЕПБАЙ