Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Беларусь президентін ұлықтау рәсімі өтті

AstanaTV
06.11.2015ж. 20:00
852
Беларусь президентін ұлықтау рәсімі өтті

Александр Лукашенко салтанатты түрде ант қабылдап, Беларусь Республикасының Конституциясына сәйкес президент лауазымына кірісті. Бұл жөнінде Интерфакс хабар таратуда.

Ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік Сарайында өтті. Оған бір мыңнан астам адам қатысты. Арасында лауазымды тұлғалар, депутаттар мен  Республика кеңесінің өкілдері, түрлі деңгейдегі басшылар, дипломатиялық корпус өкілдері, шетелдік қонақтар бар.

Еске салайық Беларусь елінде президент сайлауы 2015 жылы 11 қазанда өтті. Бесінші рет сайлауға қатысқан Александр Лукашенко электораттың  83,47% дауысын жинады.

Берік ХАСЕНОВ 

Алдыңғы жаңалық