Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«А321 бортына жарылғыш затты әлдекім алып кіруі мүмкін» деген болжам әлі айтылуда

AstanaTV
06.11.2015ж. 20:00
678
«А321 бортына жарылғыш затты әлдекім алып кіруі мүмкін» деген болжам әлі айтылуда

«Апатқа ұшыраған А321 ұшағына жарылғыш затты жолаушылар немесе әуежай қызметкері алып кіруі мүмкін». Times газеті британдық барлау қызметіне сілтеме жасап, осындай ақпар таратты. Арнайы қызмет ДАИШ-тің электронды хабарламаларын қолға түсірді деген мәлімет бар. Бұған дейін Telegraph  "террорлық ұйымның жоспарынан хабардар Ұлыбритания Мысырға әуе қатынасын тоқтатты" деген мақала жариялаған.

Ресей ұшағының апатынан соң ДАИШ жауапкершілікті мойнына алды. Бірақ мамандар олардың қолында тоғыз мың метр биіктіктегі ұшақты атып түсіретін қару жоқ деп, бұл мәлімдемеге күмән келтірді. Десе де, содырлар айтқанынан қайтпай отыр. Олар ұшақты қалай қағып түсіргенін жариялаудан да бас тартты.

Қайғылы оқиға 31 қазанда болды. Ресейлік  «Когалымавиа» компаниясының әуе кемесі Синай аралы аумағында құлады. Борттағы 224 адам түгел қаза тапты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ 

Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық