АҚШ
өз аумағындағы әуежайларда қауіпсіздікті күшейтуге кірісті. Сонымен қатар АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік министрлігі Америкаға ұшақ аттандыратын бірқатар
шетелдік әуежайлардың басшыларына да өтініш жасаған. Ол аталған
нысандарда қауіпсіздік шараларын қолға алу жайын қамтиды.
Бұл әрекет
«Когалымавиа» компаниясына қарасты А321
ұшағының апатына байланысты жасалып
отыр. Америка Құрама Штаттары ел аумағындағы ірі әуежайларда қосымша
қауіпсіздік шараларын енгізуді де қарастырмақ. Ұлттық қауіпсіздік министрлігі
жолаушылардың жүгін жіті тексеруден өткізуге баса назар аудармақ.
Берік ХАСЕНОВ