$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Астана ЭКСПО 2017» ұлттық компаниясының құрылымын өзгерту барысында 150 миллион теңгеден астам қаражат үнемделді

AstanaTV
17.11.2015ж. 20:00
898
«Астана ЭКСПО 2017» ұлттық компаниясының құрылымын өзгерту барысында 150 миллион теңгеден астам қаражат үнемделді

«Астана ЭКСПО 2017» ұлттық компаниясының құрылымын өзгерту барысында 150 миллион теңгеден астам қаражат үнемделді. Ақордада мемлекет басшысының төрағалығымен өткен жиында ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов осылай деді. Сондай-ақ көрме кешені құрылысының уақытылы жүріп жатқанын жеткізді. Мемлекет басшысы дағдарыс кезеңінде шығындарды барынша азайту керектігін ескертті. Әсіресе көрме кешені құрылысында отандық өнімдерді максималды пайдалануды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Надо посмотреть. Минимизировать импорт и все покупать в Казахстане. Ничего страшного. Пересмотрите все. Все что можно было - и деревянные изделия, мебельные изделия и все другие, сократить импорт за расход валюты. Не будем давать никаких денег, за тенге будем покупать.

Жиын барысында президент баламалы технология саласында жетістікке жеткен мемлекеттерден мамандар тарту қажеттігін айтты. Көрме барысында қазақтың салт-дәстүрі, елдің тарихы мен мәдениеті кең көрініс табуы керек,-деді. Сондықтан көрмеден тыс аумақта орналасқан мәдениет ошақтары туристер мен қала қонақтарын тиісті деңгейде қабылдап, мерекелік шараларды ұйымдастыруы керек. Мемлекет басшысы қауіпсіздік мәселесіне де ерекше тоқталды. Ішкі істер министрлігі құрылымдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және «Сырбар» сыртқы барлау қызметіне тиісті тапсырма берді. 

Жұрағат БАМАН