Үш
жылдық бюджет жобасы 1 АҚШ долларының құны 300 теңге делінген бағамға сай қайта
түзетілді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Бүгін құжаттың түзетілген
нұсқасы Қаржы және бюджет комитетінің отырысында қаралды. Досаев бюджетті
болжаудағы басқа параметрлер сол күйі қалғанын айтады. Мәселен, биыл жалпы ішкі
өнімнің өсімі 1,5 пайызды құрайды. Келесі жылы 2 пайыздан сәл-пәл асады. Алдағы
екі жыл ішінде инфляция деңгейі 6-8 пайыз көлемінде болады. Ал бюджет шығындары
мұнай бағасы барреліне 40 доллар деген бағаммен есептеліп отыр. Осы орайда,
Қазақстан үкіметі жылына 77 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлағанын да айта
кетейік.
2016-2018 ж.ж. арналған
республикалық бюджеттің болжамдық көрсеткіштері ұлттық валюта бағамы: 1 АҚШ
доллары 300 теңге
ЖІӨ өсімі: -1,5%, 2016
ж. - 2,1 % инфляция деңгейі: 2016 ж. - 6-8% , 2017 ж. -6-8 % мұнай бағасы:
баррелі 40 доллар мұнай өндірісі көлемі: жылына 77 млн тонна
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ